CHEMVERSE AI — химияны көзбен көріп, қолмен зерттеу
Мұғалім мен оқушыны біріктіретін химия платформасы: 3D және AR молекулалар, виртуалды зертхана, қазақ тіліндегі AI мұғалім, ҰБТ мен олимпиадаға дайындық және сыныптағы Live сабақ.
- виртуалды тәжірибе
- 27
- 3D молекула
- 46
- элемент
- 118
- оқулық тарауының конспектісі
- 26
Мәселе
Химия абстрактілі: оқушы молекуланы тек оқулықтағы суреттен көреді. Көп мектепте зертхана жабдығы мен реактивтер жетіспейді, ҰБТ-ға дайындық материалдары бытыраңқы, ал мұғалімнің сабақ дайындауға уақыты аз.
Шешім
Оқушы молекуланы 3D-да айналдырады, телефон камерасы арқылы үстелге «қояды», қол қимылымен басқарады. Виртуалды зертханада 7–10-сынып тәжірибелерін қауіпсіз жасайды, нәтижесін сервер бағалайды. AI мұғалім сұраққа қазақша, қадамдап және оқулық конспектісіне сүйеніп жауап береді.
Мұғалімге
Сыныптар мен тапсырмалар, оқушылардың тест және тәжірибе нәтижелері, Live сабақ (Kahoot сияқты сыныптық викторина), AI арқылы ҚМЖ дайындау және оқулыққа, слайдқа қоятын QR кодтар. AI жасаған жоспарды мұғалім тексеріп бекітеді.
Қауіпсіздік
Камера кадрлары тек құрылғыда өңделеді. Тест жауаптары серверде тексеріледі, дұрыс жауап алдын ала жіберілмейді. Оқушының аты-жөні AI-ға жіберілмейді. Әр оқушының деректерін тек өзі мен өз мұғалімі көреді.
Технология
Next.js, Supabase (қол жеткізу ережелері — RLS), Google Gemini және оқулық конспектілерінен құралған білім қоры (RAG), 3Dmol.js және Three.js, MediaPipe (қол қимылы), AR. Сайт телефонға қосымша ретінде орнатылады (PWA), Android APK бар. Интерфейс үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша.